Бас жаңалықтар
Жеңіс Қасымбек Елорда күнімен құттықтады
06 Шілде 2020, 12:26 240

Жеңіс Қасымбек Елорда күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Елорда күнімен құттықтап, астананың қалыптасуындағы қарағандылықтардың зор үлесін тілге тиек етті.

22 жыл бұрын еліміздің жаңа астанасының негізі қаланды. Жаңа елорданың негізін қалаушы бола отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаев оның бейнесіне терең, саяси және рухани мән-мағына берді. 6 шілде күні біздің тарихымыздың алтын беттеріне, Тәуелсіздік тарихына мәңгілікке жазылған, - деді Қасымбек.

Әкім айтқандай, бүгінде бұл қала - әлемдегі ең әдемі астаналардың бірі. 

Елордамыздың мұндай қайталанбас кескін-келбетінің қалыптасуында барлық қазақстандықтардың, соның ішінде, қарағандылықтардың да еңбегі зор. Біздің аймақтың географиялық жақындығы мен индустриалдық әлеуетінің арқасында қарағандылықтар елорданың алғашқы құрылысшылары атанды. Біздің кәсіпорындар "Бәйтерек", «Мұз сарайы», "Қазақ елі" стелласын салуға қатысты. Ал Тұңғыш президенттің эскизі бойынша қарағандылықтар жасаған "Отан-Ана" монументі мән-маңызы терең мәдени нысанға айналды, - деді ол. 

Жеңіс Қасымбек атағандай, елордалық цирк алдында орналасқан жарық-музыкалық субұрқақ қаланың 10 жылдығына арналып салынған Қарағанды аймағының сыйлығы.

Астананың 20 жылдығына орай қаланың картасында "Қазақ еліне мың алғыс" монументі бар "Ұлытау" жаңа аллеясы пайда болды. Сонымен қатар, біз астаналық дүкендердің сөрелеріне облыста өндірілген сапалы өнімдерді жеткіземіз. Қазіргі уақытта да елордамызда біздің аймақтан түлеп ұшқан қарағандылық азаматтар астананың, жалпы алғанда, елдің дамуына өз үлестерін қосуда. Мереке құтты болсын, қадірлі достар! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деп түйіндеді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...