Бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады – министрлік

21 Ақпан 2020, 14:43
2002
Бөлісу:
Бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай қазақстандық азаматтар тек бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналаса алады. 

Яғни, бірнеше құжаттарды жинаудың қажеті болмадйы. Бұл уақытты да, ақшаны да үнемдейді. 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте tңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев осылай деді. 

Енді, Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне келер болсақ. Бүгінде тек бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады. Бұл уақытты да, ақшаны да үнемдейді. Ал, бұрын жұмыс беруші талап ететін барлық құжаттарды жинап, тапсыру керек болатын, - деді вице-министр.

Оның айтуынша, еңбек келісімшарттарын электронды түрде жасасу жұмыс берушінің шығынын азайтады. 

Яғни, сол жиналған құжаттарды басып шығару мен сақтауға шығын жұмсалмайды. Осы аталған процестерді істейтін қызметкерлерді штаттан қысқартуға болады. Бұл пилоттық жоба 2018 жылы іске қосылған болатын. Бүгін жүйеге 26 мың ұйым қосылып отыр. Нәтижесінде, 1,1 миллионнан астам еңбек шарттары электронды форматта жасалған, - деп хабарлады Нариман Мұқышев. 

Баса айта кетейік, бұл – жұмысшылардың өз құқықтарын толық қорғауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы