#Желмая. Әділ Ахметов: Басты арманым "Оскар" емес

18 Мамыр 2020, 12:28
4805
Бөлісу:
#Желмая. Әділ Ахметов: Басты арманым "Оскар" емес
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмаяның" бүгінгі қонағы – Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Әділ Ахметов.

"Жастар" театрында "Дарын" сыйлығын ең алғаш болып алған актер Әділ Ахметов атаққұмарлық дегенге қалай қарайды? "Томирис" фильмінде қандай қиындықтар кездесті? Актердың шығармашылық жолында көп ізденісті талап еткен образы қайсы? Әділ Ахметов "Оскар" жүлдесін алуды армандай ма? Актер таңдаған үздік актерлер үштігі кімдер?  Актер үшін нөмірі бірінші кинорежиссер кім?

Сұхбат соңында Әділ Ахметов соңынан еріп келе жатқан жастарға "Актерлікке бай немесе атақты боламын, деп келмеу керек. Бірінші мәселе ол емес. Қазақ өнеріне өзіндік үлесімді қосамын, жаңалық алып келемін, деген оймен келу керек. Сонда жоғарыдағы екеу өзі-ақ келеді", - деген тілегін жеткізді.



"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов болды.


Өзгелердің жаңалығы