#Желмая. Азаматтардан қандай құжат сұратуға болмайды?

24 Қыркүйек 2020, 13:03
2854
Бөлісу:
#Желмая. Азаматтардан қандай құжат сұратуға болмайды?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов. 

Халықтың цифрлық сауаты қандай деңгейде? Қандай мобильді қосымшалар әзірленді? «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асырылды? IT идеясы барларға қандай мүмкіндік ұсынылады? Гранттарға қалай қол жеткізуге болады? Азаматтардан қандай құжат сұратуға болмайды? Пандемия кезінде қандай қызметтер автоматтандырылды? Осы және өзге де сұрақтарға Абылайхан Оспанов жауап берді. 


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова болды.

Өзгелердің жаңалығы