#Желмая. Балалар арасында инфекциялық аурулар үлесі басым – Баян Тұрдалина

22 Тамыз 2020, 13:08
2952
Бөлісу:
#Желмая. Балалар арасында инфекциялық аурулар үлесі басым – Баян Тұрдалина
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Баян Тұрдалина бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып, бірқатар сауалға жауап берді.

Коронавирус күз маусымында балаларға жиі жұғады деген ақпарат қаншалықты рас? Жалпы, балаларда коронавирус қалай білінеді? Коронавирустың күзгі маусымдағы белгілері өзгеруі мүмкін бе? Балалар иммунитетін көтеруде қандай дәрумендер пайдалы? Қазіргі таңда балалар арасында қандай аурулар өршіп келеді? Бала денсаулығын нығайтудағы негізгі үш фактор қандай? 

"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев болды.


Өзгелердің жаңалығы