#Желмая. Дана Нұржігіт: Соғыстың басқа түрі басталды

28 Сәуір 2020, 12:20
4844
Бөлісу:
#Желмая. Дана Нұржігіт: Соғыстың басқа түрі басталды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасында сұхбат беретін бүгінгі қонағымыз – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, тележүргізуші Дана Нұржігіт.

Халықтың депутаттарға деген көзқарасы өзгере ме? Депутаттардың кейбірі неге ұйықтап қала береді? Зейнет жасындағы депутаттар орнын қашан босатады? Пандемия елдің әлеуметтік жағдайына қалай әсер етеді? Көрші мемлекеттермен байланыс жаңа деңгейге көтеріледі, ол қандай болуы керек? Төтенше жағдай кезінде журналистер кәсіби міндетін атқару барысында құқықтық жағынан қалай қорғалады? Осы және басқа да сауалдарды жоба барысында Дана Нұржігіт талқылап, жауап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы спорт журналисі, комментатор, диктор Ермұхамед Мәулен болды.

Өзгелердің жаңалығы