#Желмая. 20 жылда бірде-бір марапат алмаған "Орда" тобы мерейтойын қалай өткізбек?

22 Мамыр 2020, 12:30
6435
Бөлісу:
#Желмая. 20 жылда бірде-бір марапат алмаған "Орда" тобы мерейтойын қалай өткізбек?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жобамызда бүгін сұхбат беретін қонағымыз – "Орда" тобының мүшесі, әнші Дастан Оразбеков.

20 жылдық тарихы бар "Орда" тобы неліктен әлі күнге дейін ешбір марапат алмады? "Орда" тобы тарап кетті ме? Топтың мерейтойына қандай жоспар бар? Дастан Оразбековтің концерттер мен тойларда фонограммамен ән айтатын әншілерге қатысты пікірі қандай? Карантин кезінде онлайн концерт берген әншіге ұнады ма? Жалпы карантин кезінде немен айналысты? Ол негізгі табыс көзін қайдан табады? Дастан Скрептонит пен Джак Халибтің өнерін қалай бағалайды? "Орда" тобының атауын кім қойған?


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы Президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпазы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Расул Медетов болды.

Өзгелердің жаңалығы