Бас жаңалықтар
#Желмая. Коронавирустың екінші толқынында дәрі-дәрмек тапшылығы туындай ма?
VIDEO
15 Қазан 2020, 12:34 424

#Желмая. Коронавирустың екінші толқынында дәрі-дәрмек тапшылығы туындай ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмаяның» бүгінгі қонағы – «СҚ-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смайылова.

Дәрі-дәрмек қоры қанша науқасты емдеуге жетеді? Тегін препараттармен кімдер қамтамасыз етіліп жатыр? Қоймаларда қандай дәрі сақталған? Дәрі-дәрмек қайдан сатып алынады? Оның бағасын кім бекітеді? Дәріні жеткізу бойынша проблема бар ма? Дәрілер қоймаларда қанша уақыт жатады? Екінші толқында дәрі-дәрмек тапшылығы бола ма? Масканың қанша қоры бар? Тапшылық туындаса, қандай іс-шаралар қабылданады? Осы және өзге де сұрақтарға Әйгерім Смайылова жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы Кембридж университетінің түлегі, білім саласының эксперті Нұрмұхаммед Досыбаев болған еді.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...