#Желмая. Елде бір жасаған жолды жылда-жылда неге жасай береді?

19 Қыркүйек 2020, 12:30
2995
Бөлісу:
#Желмая. Елде бір жасаған жолды жылда-жылда неге жасай береді?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.

Биыл қандай жолдар аяқталады? Жол салуға пандемия қалай әсер етті? Жол бойындағы 1 әжетхананы орнату қанша тұрады? «Алтынорда» базарының қасындағы көпір неге бұзылды? Қар жауып тұрғанда неге жол жасайды? Мердігер компаниялар салған жолына қанша жылға кепілдік беруі тиіс? Тағы қандай ақылы жолдар қосылмақ? Бір жасаған жолды жылда-жылда неге жасай береді? Осы және өзге де сұрақтарға «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов жауап береді. 

 

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ғабит Нұрханұлы юолған еді.

Өзгелердің жаңалығы