#Желмая. Пандемия кезінде кәсіп ашқан дұрыс па?

28 Қараша 2020, 12:17
3371
Бөлісу:
#Желмая. Пандемия кезінде кәсіп ашқан дұрыс па?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері, заңгер Дастан Даулетияров.

Кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілуде? Пандемия жағдайында мемлекет бизнеске қандай жеңілдіктер жасады? Пандемия кезінде кәсіп ашқан дұрыс па? Адамдардың көзқарасы қалай өзгерді? Кәсіпкерлерде қандай мүмкіндік пайда болды? Кәсіп бастайтындар қайтарымсыз несиені қалай алады? Ауылдықтар субсидияны қалай алады? Шерифтердің міндеті қандай болады? Органда жұмыс істейтін қызметкерге қандай талап қойылады? Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа бармауы үшін не істеу керек? Халықтың сауаттылығы қандай деңгейде? Осы және өзге де түйіткілді сұрақтарға Дастан Даулетияров жауап берді. 


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобасының бұған дейінгі қонағы М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан болды.

Өзгелердің жаңалығы