Бас жаңалықтар
#Желмая. Полицияның миссиясы жазалау емес, тәртіпке шақыру
VIDEO
11 Қараша 2020, 12:53 529

#Желмая. Полицияның миссиясы жазалау емес, тәртіпке шақыру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Азамат Садықов. 

Елорда тұрғындары карантиндік шараларды сақтап жүр ме? Полицияға қарсылық көрсететіндер кімдер? Тәртіп сақшысы қызметтен тыс уақытта карантиндік шараның бұзылуына қатысты ескерту жасай ала ма? Төтенше жағдай кезінде жауапкершілік жүктелген полиция қызметкерлеріне мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалды? Блок-бекет пен санитарлық бекеттің айырмашылығы неде? Полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде қандай қиындықтарға тап болды? Олар пандемияның екінші толқынына қаншалықты дайын? Полиция мен халықтың арасын жақындату үшін не істеліп жатыр? Тәртіп сақшысы қандай жағдайда тұрғындарға қарсы күш қолданады? Осы және өзге де сауалдарға полиция қызметкері Азамат Садықов жауап берді. 


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобаның бұған дейінгі қонағы инфекционист-дәрігер Гүлжанат Шыршықбаева болатын.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...