#Желмая. Қашықтан оқытуды қай уақытқа дейін жалғастырған дұрыс?

22 Қыркүйек 2020, 12:30
4346
Бөлісу:
#Желмая. Қашықтан оқытуды қай уақытқа дейін жалғастырған дұрыс?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова.

Сенаторлар кеңесі не мақсатпен құрылды? Оған мемлекеттен қаржы бөліне ме? Сенаторлар кеңесі мүшелері қандай жұмыспен айналысады? Праймериз еліміздің саяси өміріне әсер ете ме? Неге Парламентте жастар аз? Әлде олардың тәжірибесі жеткіліксіз бе? Мектептердің дәстүрлі форматқа көшуі қауіпті емес пе? Қашықтан оқытуды қай уақытқа дейін жалғастырған дұрыс? Жоба барысында осындай сауалдарға Бірғаным Әйтімова жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов болды.

Өзгелердің жаңалығы