Бас жаңалықтар
#Желмая. Рауан Кенжехан: Онлайн оқыту – болашаққа жасалған үлкен қадам
VIDEO
29 Наурыз 2020, 16:03 937

#Желмая. Рауан Кенжехан: Онлайн оқыту – болашаққа жасалған үлкен қадам

"Желмая" жобасында сұхбат берген бүгінгі қонағымыз – Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжехан.

Қазір еліміздегі қашықтан оқытуға көзқарас қандай? Оқушылар онлайн режим арқылы қажетті білім ала алады ма? Рауан Кенжехан әке ретінде онлайн оқытуды қолдай ма? Карантин кезінде қандай тізім мен платформалар  жарияланды? Қазақстанда түпнұсқадан тікелей қазақшаға сауатты аудару жетілген бе? Мамандар жеткілікті ме? Ол неліктен балалар әдебиетіне көп көңіл бөледі? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжехан жоба барысында талқылап берді. 


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов болды.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...