Бас жаңалықтар
#Желмая. Ата-аналар неге қатыгез болып барады?
VIDEO
06 Қазан 2020, 12:25 510

#Желмая. Ата-аналар неге қатыгез болып барады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Психолог Ғалияш Махашева бүгін «Желмая» жобасында қонақта болды.

Ата-аналар неге қатыгез болып бара жатыр? Отбасының материалдық жағдайы жақсы болса, онда ата-ана қатыгез болмас па еді? Бай отбасылар балаларын қалай тәрбиелейді? Олар да балаға қатыгездік таныта ма? Түркістан облысындағы баланы ұрған әке ұсталды, уақытша қамалды. Одан енді не өзгереді? Неге осындай видеолар жарияланғанда ғана шулаймыз? Баласын ұрған әкеге қалай көмектесуге болады? Педофилден зардап шеккен немесе отбасында әке-шешесінен таяқ жеген балалар туралы желілер шулағанда ғана тиісті органдар назар аудара ма? Олар айыппұл төлеп, жазадан құтылып кетпей ме? Пандемия кезінде отбасылардың ажырасу себебі неде? Бағдарлама барысында қоғамдағы осындай сұрақтарға психолог жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов болған еді.

Фото: BAQ.KZ
Загрузка...