#Желмая: Уақытша жұмыссыз жүрген адамдардың денсаулығы сақтандырыла ма?

29 Сәуір 2021, 12:55
3963
Бөлісу:
#Желмая: Уақытша жұмыссыз жүрген адамдардың денсаулығы сақтандырыла ма?
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегін медицина қызметін кімдер ала алады? Қандай дәрі-дәрмектер тегін беріледі? Дәрумендер тегін беріле ме? Елімізде қанша адам сақтандырылған? Уақытша жұмыссыз жүрген адамдардың денсаулығы сақтандырыла ма? Жұмыссыздар өзін сақтандыру үшін ай сайын қанша теңге төлеуі керек? Мәртебесі анықталмаған азаматтар саны қанша? Тегін дәрі-дәрмекті алу үшін не істеу керек? Жеңілдігі бар азаматтардың санаты қанша? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға «Желмая» жобасының кезекті санында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева жауап берді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Желмая» жобасында қонақта филология ғылымдарының докторы, профессор, «Иран Тұран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей болды.

Өзгелердің жаңалығы