#Желмая. Сұраныс көп, айтатын ән жоқ – Ұлықпан Жолдасов қазіргі әншілерге сын айтты

27 Наурыз 2020, 17:11
6241
Бөлісу:
#Желмая. Сұраныс көп, айтатын ән жоқ – Ұлықпан Жолдасов қазіргі әншілерге сын айтты
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасының бүгінгі шығарылымында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов сұхбат берді.

Сәуір айына жоспарланған Фарида Жолдасованың концертіне тосқауыл болған карантинге әншінің көзқарасы қандай? Композитормен бірлесіп жұмыс атқарған топтар неліктен тұрақтамайды? Ұлықпан Жолдасовтың өзі жарыққа шығарған топтармен қазіргі байланысы қандай? Өкіл баласы Димаш Құдайбергеновтің талантына берер бағасы қандай? Марат Омаровтың эпидемияға байланысты шығарған соңғы әніне айтар ойы қандай? Қазіргі жұлдыздарға қатысты қандай пікірде? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов жоба барысында айтып берді.


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Желмаяның бұған дейінгі шығарылымында ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин пандемия, төтенше жағдай мен карантин туралы, сондай-ақ коронавирус пен теңгенің тартысы туралы сұхбат берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы