Бас жаңалықтар
#Желмая. Жер қойнауын пайдалану бойынша алғашқы аукцион қашан өтеді?
VIDEO
26 Қазан 2020, 12:30 561

#Желмая. Жер қойнауын пайдалану бойынша алғашқы аукцион қашан өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – ҚР Энергетика вице министрі Жанат Жахметова.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы қалай жүргізіледі? Жер қойнауын пайдалану бойынша биыл электронды аукцион бірінші рет өткізілгелі отыр, оған дайындық қалай? Шетелдік инвесторларға қандай талап қойылады? Мұнай өндіру қалай есепке алынады? Министрлікте цифрлық технологияларды пайдалану қалай іске асып жатыр? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға сұхбат барысында Жанат Жахметова жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек болған еді.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...