Бас жаңалықтар
#Желмая. Жылына 1 млрд теңге салық жинайтын ауылдар бар – вице-министр
VIDEO
21 Қазан 2020, 15:07 666

#Желмая. Жылына 1 млрд теңге салық жинайтын ауылдар бар – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов «Желмая» жобасында қонақта болып, маңызды сұрақтарға жауап берді.

Елімізде қанша ауылдың даму потенциалы бар? Әкімдер өздері әрекет етуі керек пе? Ауыл әкімдерінің қолына бюджет беріле ме? «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қандай артықшылықтары бар? Ауылда кәсіп бастағысы келетіндерге қандай жеңілдіктер бар? Ауылдан жиналған салық өздерінде қала ма? Экономикамызды алда не күтіп тұр? Осы және өзге де сұрақтарға Ермек Алпысов жауап береді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы, эколог Лаура Маликова болған еді.



Фото: BAQ.KZ
Загрузка...