Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

3 Желтоқсан 2019, 15:53
10498
Бөлісу:
Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде – нормадан 1°С төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1°С жылы болады.

Жауын-шашын мөлшері ел аумағының басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болады деп болжануда.

Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстікте кей жерлерде өте жауын-шашынды (көбінесе жаңбыр түрінде) тұман, көктайғақ, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ, ауа температурасы көтеріледі.
Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы болады. 

Осыған байланысты ауа температурасының ауытқуы болжануда: 

Батыста, солтүстік-батыста түнде 3...13 аяздан 8...15 аяз, оңтүстік-батыста 3 аязға, күндіз 2 аяз...3 жылы, оңтүстік-батыста 8 жылыдан 2...10 аяз болады. 

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3...8 жылы, кей жерлерде 5 аяздан 5...13 аязға, күндіз 5...15 жылыдан 0...5 жылы болады. 

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5...15 аяздан 0...8 аязға, күндіз 3 аяз...5 жылыдан 2...12 аяз болады. 

Кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде болжанады: 

Оңтүстік-батыс жартысында түнде 10...20 аяз, күндіз 5...10 аяз, солтүстік-шығыс жартысында түнде 20...35 аяз, күндіз 10...20 аяз болады.


Өзгелердің жаңалығы