Жемқорлық – біздің ең бірінші жауымыз

15 Шілде 2020, 13:04
2232
Бөлісу:
Жемқорлық – біздің ең бірінші жауымыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жемқорлық – біздің ең бірінші жауымыз. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.

Аружан Саин елдегі әр саланы дендеген жемқорлықты сынады. 
Мысалы, Аягөз интернатының қызыл уылдырық, балық алғаны туралы мақала оқыдым. Спорт интернатында оқитын балалардың ата-аналары, балаларыңыз қызыл уылдырық жеп жүр ме? Меніңше, көп шара тек құжат жөнінде қалады. Өте қатаң шаралар қажет. Жемқорлық – біздің ең бірінші жауымыз. Сол үшін де біздің елдегі ең үздік идеялар жүзеге аспауы мүмкін. Басқару кадрының дағдарысын шешу керек, - деді ол. 
 
Саин айтып өткендей, Сингапурдың жетістігі балалар саласына қатысты реформадан басталған. 
Біздің де басқа жолымыз жоқ. Біз өскелең ұрпаққа қаржыны жеткізіп, өзінің сүйікті ісімен айналысуларына жағдай жасауымыз керек. Сол кезде олар үйден секіріп, бір-бірін ұруды, төбелесті қояды. Мен ақшаның балаларға бағытталуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Халықтың қолдауы да керек, - деді ол. 

Айта кетейік, брифинг барысында Аружан Саин балаларға арналған үйірмелерді тегін қылуды ұсынған еді.


Өзгелердің жаңалығы