Жеңіс Қасымбек өңірдегі вакцинациялау барысымен танысты

13 Сәуір 2021, 21:09
1625
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек өңірдегі вакцинациялау барысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирусқа қарсы облыста жаппай вакцинациялау шаралары қалай жүріп жатқанын тексерді.

Бүгін Қарағандының №№ 1, 3, 5 емханаларының және «Таир» СҮ және Global City сауда орталығы жанындағы вакцинация орталықтарында болдым. Облыс бойынша барлығы 115 вакцинация орталығы құрылды. Оның 12-сі облыс орталығында жұмыс жасайды. Тиісті екпе шараларынан өту үшін жасалған жұмыстарды қарап шықтым. Егер де тілек білдірушілердің саны көп болса, қосымша бекеттер ашылады - дейді облыс басшысы.

Бүгінгі таңда бірінші компонентті 20 мыңнан астам адам қабылдады. 

Ал вакцинаның екі компонентін облыстың 10 мыңнан астам тұрғыны алды. Облысқа вакцинаны жеткізу шаралары белсенді түрде іске асырылуда. Ертеңге дейін Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасының қосымша 56 мың дозасын аламыз. Сәуір айының соңына дейін облысқа тағы 87600 доза түседі. Осылайша, осы айда 180 мың адамға вакцина салынады. Кез-келген адам вакцинацияға E-gov порталы, «Дамумед» мобильді қосымшасы немесе өзінің учаскелік терапевт дәрігері арқылы жазыла алады. Сондай-ақ, термоконтейнерлермен жабдықталған мобильді медбригадалар ұйымдастырылды. Олар ұйымдасқан ұжымдарды вакцинациялайтын болады. Қазіргі уақытта «АрселорМиттал Теміртау», YDD corporation және «Казкарбон» қызметкерлеріне екпе салу шаралары басталды. Жылжымалы бригадалар облыстың кез-келген жеріне баруға дайын - деп жазды Жеңіс Қасымбек өз парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы