Жеңіс Қасымбек Шахтинск қаласында көшпелі кеңес өткізді

21 Қаңтар 2021, 20:20
1493
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Шахтинск қаласында көшпелі кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Шахтинск қаласында көшпелі кеңес өткізіп, қаланың кәсіпорындары мен білім беру ұйымдарында болды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша Шахтинск технологиялық колледжінің оқу ғимараттарында жөндеудің қалай жүргізілгенін көрдім. Колледж түлектердің негізгі жұмыс берушісі АрселорМиттал Теміртаумен тығыз байланыста жұмыс істейді. Айтпақшы, бұл лифт мен эскалаторды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша мамандар дайындайтын аймақтағы жалғыз оқу орны. Мұнда газбен жабдықтау слесарлары да оқытылады. Биыл басқа қалалардан келген студенттерге арналған жатақхана жөнделеді - деді Жеңіс Қасымбек өз жазбасында.

Шағын қаланың өндірістік бағытын ескере отырып, мектеп оқушыларына қосымша техникалық білім беруге көп көңіл бөлінеді. 

Мысалы, балалар мен жасөспірімдер орталығында 22 оқу кабинеті, техно орталығы, Fablab - оқу станоктары бар зертхана, STEM зертханасы бар. Балаларға радиоэлектронды конструкторлау, гидропоника, кеме модельдеу және басқа да қызықты ғылымдар үйретіледі. Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебінен жағымды әсер алдым. Биыл қалада жаңа спорттық-сауықтыру орталығы ашылады. 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау, сондай-ақ ескі пансионат пен Молодежная көшесіндегі үйді қалпына келтіру 200-ден астам отбасын, оның ішінде көпбалалы отбасылар мен жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етеді - дейді ол.

Ол сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша қаладағы автовокзалға барды.

20 жылдан астам уақыт ішінде ол қолдан қолға көшкен. Қазір ғимарат коммуналдық меншікте, жыл соңына дейін ол ретке келтіріліп, пайдалануға беріледі. Шахан елді мекенінде қазандық пен жылу желілерінің құрылысына ерекше назар аударылады. Биыл қазандық дайын болысымен, үйлерді қоса бастаймыз. Екі жыл ішінде кенттегі барлық үйлерге жылу желілері тартылады. Сонымен қатар кентте жүзу бассейнін салуды бастаймыз. Жалпы, қалада бірқатар мәселелер шешілмеген. Атап айтқанда, олар – сумен жабдықтау, аулаларды абаттандыру. Кеңесте ЖЭО-ын күрделі жөндеуден өткізу жоспарларын талқыладық. Себебі ағымдағы жөндеу жұмыстары қаланы жоғары сапалы жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешпейді - дейді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы