Бас жаңалықтар
Жер беру тәртібін өзгертуге қатысты заң жобасы әзірленді
02 Желтоқсан 2020, 10:23 454

Жер беру тәртібін өзгертуге қатысты заң жобасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қағазсыз қызмет көрсету, коммуналдық қызметтермен жер учаскелерін беруді келісу рәсімі автоматтандырылады деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бүгінгі Үкімет отырысында.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік жер қатынастары саласын цифрландыру және дамыту мәселелері бойынша заң жобалау жұмыстарын жүргізуде. Олар жер берудің қазіргі тәртібін цифрлық технологияларды енгізу жолымен тұжырымдамалық түрде өзгергуді көздейді және тікелей беру жолымен әрі сауда-саттық жүргізу арқылы жер учаскелерін берудің электрондық тәртібін айқындайды, - деді министр.

Бұл ретте ол қағазсыз қызмет көрсету, коммуналдық қызметтермен жер учаскелерін беруді келісу рәсімін автоматтандыру енгізілетінін айтты.

Заң жобасы мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісілді. Сондай-ақ, ол бойынша ғылыми сараптамалар алынды. Заң жобасын Қазақстан Республикасының премьер-министрі кеңсесі одан әрі қарау үшін Парламентке жолдады,- деді Омаров.

Айта кетейік, министр бұған дейін халыққа электронды форматта көрсетілген қызмет үлесі 34 пайызға өскенін және 16 бағыт бойынша субсидиялау 100% автоматтандырылғанын айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...