Жер көлемі бойынша бестікке еніп, малға азық тауып бере алмау кешірілмейтін әрекет – Күрішбаев

17 Сәуір 2021, 12:38
4115
Бөлісу:
Жер көлемі бойынша бестікке еніп, малға азық тауып бере алмау кешірілмейтін әрекет – Күрішбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөнінде комиссияның  кезекті отырысында Экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға жалға беру мен оны мұрагерліке қалдыру мәселесінен бөлек топ мүшелері жайылымдық жерлердің тапшылы мәселесін қарастырғандарын атап өтті.

Оның айтуынша, ауылдық жерде жайылымының жетпіспеуі қазіргі күні ең өзекті мәселенің бірі. Статистикалық деректерге қарағанда ауылдарда мал шаруашылығы өнімінің 66 пайызы өндіріледі. Мал басының 60 пайызы да ауылда. Дегенмен ауылдар мемлекеттік қолдаудан тыс қалып отыр.

Ауылдағы ағайын осы малдың арқасында жан сақтап отыр. Өкінішке орай бұл орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, ешқандай технологиялық процестерге тартылмай жатыр. Мамандардың есебіне сүйенсек, ауылдағы мал азығының сапасын арттырсақ елде өндірілетін ет пен сүттің өнімділігі жоқ дегенде 30 пайызға өседі. Жұмыс тобының мамандары бұл мәселеге қатысты ұсыныстарын айтты. Оны ең маңыздысы пайдаланбай жатқан жерлерді елді мекендерге қайтару. Ауылдағы малға 29 млн гектар жайылым жетіспейді. Ал ұйымдастырылған шаруашылықтарда 33 млн гектар жайылым игерілмей жатыр, - деді ол.

Оның айтуынша, орман қорларында ерекше қорғалатын аймақтар шегінде 10 млн гектар жердің тиімсіз пайдаланылуда. Бұл мәселе жайлы комиссияның өткен отырысында айтылған. Ақылбек Күрішбаев игерілмей жатқан жерлерді қайтару мәселесінде қысым болмау керектігін де атап өтті.  

Жерді игермей жатқан шаруашылықтарға орнына басқа жер беру арқылы мәселені шешуге болады. Сонымен қатар жұмсаған шығынын өтеп беруіміз қажет және ауылдардың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету де маңызды.  Ауылдарды жалпы, яүни қоғамдық жайылымдармен қамтамасыз етіп, шаруашлықтарын дамыту үшін коопертаив құру, жаға шаруашылықтар ұйымдастыру ісін қолға алуымыз қажет, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, жұмыс тобы жайылым туралы заңды күшейту, қосалқы шаруашылық туралы арнайы заң қабылдау туралы ұсыныс айтқан. 

Мемлекеттің бұл мәселені аз уақытта  шешуге қауқарлы. 185 млн гектар жайылымдық жері бар және осы көрсеткіш әлемде бесінші орындағы ел бола тұра бар  малды аш қалдыру – кешірілмейтін әрекет. Аталған мәселені шешуде барлық деңгейдегі әкімдерге саяси ерік пен табандылық керек. Тіпті, бұл жұмыс әкімдердің қызметін бағалаудың негізгі көрсеткіші болуы керек деп санаймыз. Осы іске мемлекеттік аса маңызы бар ұлттық жоба ретінде қарауға тиіспіз, өйткені сол ауылдарда тұратын көпшілігі – өзіміздің қазағымыз, - деді Күрішбаев. 



Өзгелердің жаңалығы