Бас жаңалықтар
Жер қойнауын пайдалану аукционына кімдер қатыса алады?
26 Қазан 2020, 13:20 218

Жер қойнауын пайдалану аукционына кімдер қатыса алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер қойнауын пайдалану құқығы бойынша 82 учаске белгіленген, осы жолы 10 жер бойынша аукцион ойнатылады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова «Желмая» жобасында айтты.

Оның айтуынша, 2019 жылдың желтоқсанында Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне бірнеше өзгерту енгізілген. Соған сай осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын электронды түрде беру басталған. Соның бірі - аукцион түрінде өткізу.

Бұл тәсілді қолданудың артықшылықтары көп. Мәселен, ол жұмсалатын қаржыны үнемдейді, яғни министрлік пен ниет білдірушіге де тиімді. Бұрын ниет білдіруші өтінішті министрлікке жіберу үшін көптеген құжат жинайтын және соны басып шығарып пошта арқылы жіберетін. Ол көптеген уақыт пен қаржыны қажет етеді. Қазір өтініш берушіге тек электронды цифрлық қолтаңба қажет, сол арқылы электронды түрде жібере алады. Ең бастысы бұл ашықтықты қамтамасыз етеді, - дейді вице-министр. 

Сондай-ақ, ол бұл аукционға кімдер қатыса алатынын атап өтті.

Оған қатысудың бірнеше талаптары бар, оның барлығы Кодекс негізінде жазылған. Ниет білдірушілер қатарында жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер болуы ммүкін, оған қоса шетел азаматтары да қатыса алады. Бұл жерде біз жер сатпаймыз, яғни бұл сату құқығы емес, пайдалану құқығы. Ол жерде қазба жұмыстарын жүргізуге болады және сіз тапқан жер қойнауын сатуға құқық беріледі, - дейді ол. 

Министрлікте пайдалануға берілетін осындай жер учаскелерінің тізімі жасалған. Оған 82 жер учаскесі кірген, олардың барлығы бос тұрған жерлер екен. Осы бос жерлердің картасын мемлекеттік реестр сайтында көруге болады. Осы жолы 10 учаске бойынша аукцион өткізу күні белгіленген, алғашқы бәссауда 23 желтоқсан күні өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...