Жер мен жесір дауына келгенде қазақты ешкім ұстап тұра алмайды –  Айгүл Орынбек

25 Ақпан 2021, 13:12
2497
Бөлісу:
Жер мен жесір дауына келгенде қазақты ешкім ұстап тұра алмайды –  Айгүл Орынбек

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға да берілмейді» деген мәлімдемесіне орай пікір білдірді.

Ең бастысы, жер мәселесі. Жер мен жесір дауына келгенде қазақты ешкім ұстап тұра алмайды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президентіміз жер дауына нүкте қойды. Бұл - дұрыс шешім, батыл қадам. Президентіміз халықтың үмітін ақтады,- деді Айгүл Орынбек.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін айтып жүрген «жер шетелдіктерге сатылмайды» дегенін толықтырып, енді жалға да берілмейтінін айтты.

Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым: Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мен мұны Президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек, - деген болатын Мемлекет басшысы отырыста.


Өзгелердің жаңалығы