Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

10 Шілде 2020, 13:22
2011
Бөлісу:
Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты, - деп жазады Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасы.

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, - деді президент.

Өзгелердің жаңалығы