Жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторий тағы 5 жылға ұзартылды

24 Сәуір 2021, 15:14
4673
Бөлісу:
Жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторий тағы 5 жылға ұзартылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторийді тағы 5 жылға ұзарту шешімі қабылданды.

Комиссия отырысына 67 адам қатысты, оның 4-уі қалыс қалды, қалғандары бірауыздан мораторийді ұзартуға дауыс берді.


Өздеріңіз көріп отырғандай жерді жеке меншікке беру туралы комиссия мүшелерінің біртұтас пікірі қалыптасқан жоқ. Жұмыс тобының өкілдері де ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Неге десеңіздер мәселе күрделі. Ашығын айтқанда түпкілікті шешім қабылдау үшін біраз уақыт керек екені анық. Аталған жұмыстарды сапалы орындау және енгізу үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт қажет. Осылайша, қазақстандықтар үшін жеке меншікке мораторийді көздейтін норманың қолданылу мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынамын, - деді Ералы Тоғжанов.

Жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторий тағы 5 жылға ұзартылды

Ауыл шаруашылығы жерлеріне толық инвентеризация жүргізілу қажет деген ойын айтты.

Бұл жұмыс барысында еліміздің барлық жерлердегі топырақтың құнарлығын анықтауымыз қажет. Бұл бір күнде шешілмейді. Екіншіден ауыл шаруашылық жерлерінің кадастрылық құнын айқындау керек. Мамандардың айтуынша бұл он жылдан бері қаралмаған сұрақ. Нарықтың құнын ескере отырып жердің құнын анықтау керек. Әр өңірдің ерекшеліктері бар, оны да ескеруіміз керек,-деді Тоғжанов.

Жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторий тағы 5 жылға ұзартылды


Сонымен қатар ол ауыл шаруашылық жерлерін электрондық форматта, көпшілікке ашық түрде берудің тетігін енгізу қажеттігін айтты. Оны кем дегенде 2023 жылға дейін жасау қажет. Бұл жерді пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетініне көз жеткізу үшін қажет.


Өзгелердің жаңалығы