Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады

13 Сәуір 2021, 13:29
1536
Бөлісу:
Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданындағы Әл Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабаттың алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып экспорттады.

Қысқы мезгілде шаруа қожалығымызға тиесілі жердің 10 гектар жерге қырыққабаттың 50-55 күнде ерте пісетін «Зарисма» сортын ектік. Егілген көшеттердің барлығы өзіміздің жылыжайда өндірілген. Жалпы 10 гектарға егілген өнім көлемі 40 центнерді құрап отыр. Бұл кеткен шығындарымыздың толық ақталғанын білдіреді. Артылған 40 тонна қырыққабат Беларусия мемлекетіне жөнелтілетін болады, - дейді "Әл Фараби" шаруа қожалығының төрағасы Сәбденов Бекзат.
Жетісай ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуовтың айтуынша, Жетісай ауданында биыл 1 080 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егілген. Былтыр аудан диқандары 36 мың тонна қырыққабат өнімін өндірген.Негізінен егін шаруашылығымен айналысатын аудан халқы 78 500 гектар аумаққа егін егеді. Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 1 300 гектарға – көкөніс, 10 мың гектар аумаққа - бақша дақылдары егілген.



Өзгелердің жаңалығы