Бас жаңалықтар
Жезқазған қаласының әкімі тағайындалды
14 Тамыз 2020, 13:45 162

Жезқазған қаласының әкімі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласының әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.


Ол бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ жұмыс жасаған.

Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы 21 маусымда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Білімі: Қарағанды политехникалық институтын "автомобиль және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша бітірген, Жезқазған университетін "экономика және өндірісті басқару" мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу қаласындағы "МИСжС" ҰҒТУ-да оқыған. Іскери әкімшілдендіру магистрі. 

Еңбек жолы:

-  Автокөлік саласының өндірістік кәсіпорындарда, Жезқазған облыстық әкімшілігінде қызмет істеген.1998-2003 жж.
– Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері.    2003-2006 жж.
- Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттігінде бөлім меңгерушісі.   2006-2010 жж. – "Қазақтелеком" АҚ-ның атқарушы директоры, бас әкімшілік директоры.  2010-2012 жж.
– Қазақстан Республикасының байланыс және ақпараттандыру министрлігінде жауапты хатшы.  2012-2013 жж.
– Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.   2013 жылдың наурыз- қазаны – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы. 2013 ж.
– Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2015 ж.
–Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.   2015-2018 жж.
 – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас директоры- Басқарма мүшесі. 2018-2019 жж.
– "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

 2019 жылдың 25 сәуірінен – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болған. 





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...