Жол-көлік оқиғасына қатысы бар мейрамханаларға жаза қолданылуы мүмкін

3 Желтоқсан 2019, 15:36
7777
Бөлісу:
Жол-көлік оқиғасына қатысы бар мейрамханаларға жаза қолданылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Заң бойынша елімізде түнгі 11:00-ден кейін ішімдік сатылмайды. Алайда, түнде жұмыс істейтін дәмхана мен мейрамханалардан мас күйінде шығатын азаматтар адам өліміне себепкер болып жатқан фактілер жиі кездеседі. Алдағы уақытта осыған қатысты заңға ұсыныстар енгізілуі ықтимал. Бұл туралы Полиция департаментінің басшысы хабарлады.

Тәуелсіздік көшесі бойында такси көлігін ұрлап, кейіннен екі жаяу жүргіншіні қағып, 48 жастағы әйелдің өліміне себепкер болған күдікті осыған дейін екі рет істі болған. 
Бұдан бұрын күдікті бірнеше рет сотталған болатын. Ақырғы соттың шешімі бойынша ұрлық жасағаны үшін екі жыл бас бостаңдығынан айырылған. Күдікті қаққан жасөспірім бала ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Ол қылмыстық кодекстің 200 бабы бойынша 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Сот шешеді. Кінәсін біз дәлелдейміз. Бұрын сотталғандықтан, құжаттарын бәрін қарап, тексереміз, - деп айтты Ержан Саденов. 
Ол түнгі сағат 11:00-ден кейін көңіл көтеру орындарында, кафе, ресторандарда ішімдіктер сатылмасын деген заң қолданылуы мүмкін бе деген сауалға да жауап берді.
Жалпы, заң бойынша бізде түнгі 11:00-ден кейін ішімдік сатылмайды. Бірақ әр дәмхананың өз регламенті бар. Бүгінгі таңда осы қалалық әкімшіліктің қасында бірталай мәселелерді қарағанбыз. Қазір заңға жаңа ұсыныстар енгізуді қарастырып жатырмыз, - деді Ержан Саденов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта мұндай өзгертулер қарастырылатын болады.
Жыл басынан бері осындай дәмхана болсын, мейрамхана болсын осындай жол-көлік оқиғаларына қатысы болса, тергеу барысында осы фактіні ескереміз. Осыған ұқсас жағдайлар бойынша Әкімшілік кодекске сай 33 протокол, яғни хаттама толтырылып, лицензияларын тартып алған болатын. Ондай фактілер бар. Жалпы, әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты ұсыныс бергенбіз. Жергілікті органдарға да ұсыныс жолдадық, - деді қалалық полиция бастығы.




Өзгелердің жаңалығы