Жол құрылысы саласында 5 жылда 200-ге жуық адам сотталды

5 Наурыз 2021, 13:10
1432
Бөлісу:
Жол құрылысы саласында 5 жылда 200-ге жуық адам сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров баяндап берді.

Ол тамызда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі» екенін атап өткенін алға тартты.  
Мемлекет басшысы бағдарламаларды іске асыруға бюджет қаражатының дұрыс бөлінуіне, таратылуына және түсуін бақылауға ерекше көңіл бөледі. Аталған стратегиялық міндеттерді іске асыру барлық мемлекеттік органға жүктелген, - деді тергеуші.
Елімізде инфрақұрылымды дамыту негізгі басымдықтарының бірі.
Бұл салада қойылған міндеттерді іске асыру жергілікті жерлерде жауапты лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттемелерін адал атқаруына байланысты. Алайда жекелеген теріс пиғылды лауазымды адамдар көрсеткен сенімді жеке пайда табу мақсатында мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне қайшы пайдалана отырып, бюджет қаражатын жымқырып, пара алуда, - деп түсіндірді Бекайдаров.
Мұндай әрекеттер ұлттың өмірі мен денсаулығына, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіреді.
Жалпы құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 800 сотқа дейінгі тергеу болды, өндіріспен 632 қылмыстық іс аяқталып, оның 500-ден астамы сотқа жолданды және 200-ге жуық адам сотталды. Тек құрылыс саласында өтелген залал сомасы шамамен 27 млрд теңгені құрады, - деп айтты Данияр Бекайдаров.

Тергеушінің сөзінше, олардың көпшілігі ұрлық, парақорлық, билікті теріс пайдалану және қызметтік жалғандықпен байланысты.


Өзгелердің жаңалығы