Жолаушыларды шығарып салушылар әуежайға 25 мамырдан бастап кіре алады

23 Мамыр 2020, 15:10
1237
Бөлісу:
Жолаушыларды шығарып салушылар әуежайға 25 мамырдан бастап кіре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 25 мамырдан бастап жолаушыларды шығарып салушыларға әуежайдың ғимараттарына кіруге рұқсат етіледі. Бұл туралы Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов айтты.

Оның айтуынша, ішкі рейстер қайта жанданған кезде әуе көлігіндегі коронавирустық инфекцияның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, карантиндік шараларды жұмсартуға қойылатын талаптар кезең-кезеңімен қайта қаралатын болады.

Әуежай әкімшілігі әлеуметтік қашықтық, маска режимі, күшейтілген дезинфекция және басқа да санитарлық-карантиндік талаптарды ескерген жағдайда осы жылдың 25 мамырынан бастап әуежай ғимаратына жолаушыларды шығарып салуға келгендерді кіргізуге рұқсат береді, - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, әуежайдың жеке күзет қызметі әуежай ғимаратының кіре берісінде барлық азаматтардың дене қызуын тексереді және бетперде болуы қажет.

Санитарлық және карантиндік шараларды қатаң сақтау жағдайында әуежай терминалында тамақтану және сауда орындары жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы