Жолаушылар пойызы жолға шығуға сақадай сай

28 Мамыр 2020, 14:59
4351
Бөлісу:
Жолаушылар пойызы жолға шығуға сақадай сай
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардың қауіпсіз жол жүруін ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылдады.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан бойынша теміржол қатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтірілетін болады.

2.JPEG

Коронавирус індетінің таралуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардың қауіпсіз жол жүруін ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылдады. Мекеме қызметкерлер үшін коронавирус пандемиясы жағдайындағы жұмыс кезінде жұмыс регламенті мен нұсқамалық әзірленіп, қауіпсіздік шараларын ұстану жөніндегі нұсқаулықтар мен түсіндіру жұмыстары үнемі өткізіліп келеді.

3.JPEG

Барлық қызметкерлері жеке қорғаныштық құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілген.

4.JPEG

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып келеді, барлық жеке құрам жазғы маусымға әзір. Ауа ылғалдылығы мен температурасын қамтамасыз ету үшін желдету және ауа бастау жүйелеріне ревизия жүргізілді. 

5.JPEG

Табиғи желдету арқылы вагондарда тәулігіне 3 рет ауаны тазарту (10 минуттан) ұсынылады. Жол жүру барысында зарарсыздандыру құралдарын қолданып, тәулігіне 2 рет, әжетханаларда тәулігіне 4 рет ылғалды тазарту жүргізіледі.

6.JPEG

Әр рейстен кейін вагондарда жолаушылардан вагонды күтіп ұстау талап етіледі, санитарлық ережелерге сәйкес зарарсыздандыру жұмыстары орындалады. 

7.JPEG

Жол жүру кезінде вагон-ресторан жұмысына рұқсат берілмегендіктен, жолаушылар сусын, тамақ, сондай-ақ, жеке қорғаныш заттарын (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) жеткілікті мөлшерде алып жүруі тиіс. 

10.JPEG

Жолға шықпастан бұрын жолаушы температурасын өлшеуі қажет.

8.JPEG

2020 жылдың 1 маусымынан жолаушыларда қорғаныш құралдары (маскалары) мен жол жүру құжаттары (билеттері) болғанда ғана вокзал ғимаратына кіруге рұқсат беріледі, ал шығарып салушылар вокзалға жіберілмейді.

9.JPEG

Ғимаратқа кірер алдында жолаушыларға міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізіледі. Жолаушылар вокзалдың жаңа талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылады.

11.JPEG

Барлық вокзалда "карантиндік бұрыштар" – COVID-19-ға күдікті тұлғалар үшін оқшаулау аймағы ұйымдастырылған. 

14.JPEG

Бұл учаскелер ескертпе ленталар және белгілермен қоршалған, онда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық қызметтері немесе медициналық қызметкерлер келгенге дейін отыратын орындар қарастырылған.

21.JPEG

Жоғары температурасы (37°C және одан жоғары) немесе грипп пен ӨРВИ белгілері, сондай-ақ, COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, ауыр дем алу, ентігу және т.б.) белгілері бар тұлғалар анықталған кезде, олар медициналық қызметкерлердің тексеруінен өтуі керек.

13.JPEG

Ол үшін "карантиндік бұрышқа" бағытталатын болады және салалық медициналық ұйымға жедел жәрдем бригадасымен ары қарай эвакуациялау туралы мәселе шешіледі.

16.JPEG

Вокзал ғимараттарында ылғал мен температура жағдайы қамтамасыз етілуі үшін ауа баптағыш пен желдету жүйесіне ревизия жүргізілген. 

15.JPEG

Табиғи желдету арқылы вокзалдарды тәулігіне 4 рет (15 минуттан) желдету ұсынылған. Сондай-ақ, вокзал ғимараттарында зарарсыздандыру құралдарын пайдалана отырып, билет тобы ғимараттарында, күту залдарында тәулігіне 4 рет ылғалды тазарту өткізіледі. Көрнекті және қолжетімді орындарда арнайы ақпараттар (постерлер) орналастырылған, сондай-ақ, COVID-19 мәселелері бойынша қызметкерлер мен жолаушыларды көру және аудио-ақпараттандыру тұрақты жүргізіліп отырады.

18.JPEG

Күту залдарында жолаушыларды отырғызу 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жүргізіледі. Келген және жолға шыққан жолаушылар үшін жазбасы бар жеке дәліздер ұйымдастырылған. Вагонға отырғызу мен пойыз қозғалысы кезінде жолаушы үнемі маска киюі тиіс. Вагондарда пайдаланылған қорғаныш құралдарын залалсыздандыру, оларды жинау үшін арнайы орындар қарастырылған.

17.JPEG

Жол жүргенде вагоннан шығу және құрам ішінде қозғалу тек қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Әжетхана жанында жиналуға болмайды және жолаушылар арасындағы 1 метрлік қашықтықты сақтау қажет. Егер жолаушы өзін нашар сезінсе немесе өзге мәселе туындаса жолсерікке жүгінуі керек.

12.JPEG

Жол жүру барысында жолаушыдан немесе пойыз бригадасы қызметкерінен коронавирус белгілері анықталған жағдайда іс-әрекет алгоритмі әзірленген. Пойыз бастығы пойыз машинисін ақпараттандыруы және вагонды зарарсыздандыру мен жолаушыны өзге жолаушылардан оқшаулау бойынша қажетті іс-шараларды өткізуі қажет. 

Сондай-ақ, бұл жағдайда, барлық санитарлық талаптарды сақтауда төсек керек-жарақтарын бөлек жинау мен бөлек жуу қарастырылған.

19.JPEG

Айта кету керек, 2020 жылдың 15 мамырынан бастап теміржол билеттерін сату басталды. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жол жүру билеттерін қашықтық режимінде, яғни, bilet.railways.kz сайты арқылы, сондай-ақ "ҚТЖ билеттері" мобильдік қосымшасы, өзге де интернет-сайттар, өз-өзіне қызмет көрсету автоматтарын пайдалану арқылы рәсімдеуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы