Жолаушыларды ашындырған Ashyq: Астаналық әуежай кептелістің неден туындағанын түсіндірді

11 Мамыр 2021, 18:09
1782
Бөлісу:
Жолаушыларды ашындырған Ashyq: Астаналық әуежай кептелістің неден туындағанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан әуежайының кіреберісінде адамдар кептеліп қалды. Бұл оқиғаға қатысты әуежай баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлады zakon.kz.

Жақында 12 мамырдан бастап елорданың халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылатыны хабарланған болатын. Алайда ол жоба 10 мамырдан бастап енгізіле бастапты. Бүгін таңертең әуежайда болған адамдар ғимараттағы кептелісті фотоға түсіріп алыпты.

Осы оқиғаға қатысты әуежай баспасөз қызметі түсініктеме беріп, адам кептелісі таңғы рейстер кезінде болғанын түсіндірді. Ол жерде әуежай қызметкерлері жолаушыларға әуежайға келмес бұрын және кіреберісте кезек күтіп тұрып қалмас үшін алдын ала Ashyq қосымшасын жүктеп, жеке мәртебені тексеріп алуды сұраған.

Сары және қызыл мәртебесі бар жолаушылар ғимаратқа кіре алмайды. Рейске жіберілмеген жағдайда, билетті қайтару мәселелерін әуе компанияға жолдау қажет. Ashyq бағдарламасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасындағы мобильді қосымшаның интеграциясы есебінен жаңартылып отырады. Яғни қосымшаны жүктеген адамның дәл сол уақытта вирустың тасымалдаушысы ма, әлде жоқ па деген ақпаратты ұсынады, - деп түсіндірді Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов. 

Кіреберісте тұрған әуежай қызметкерлерінің қолдарында жолаушының мәртебесін тексеріп беретін планшеттері бар. Егер әлдекімде смартфон болмаған жағдайда, қызметкерлер планшетке ЖСН теріп, тексеріп береді. Ал шетелдік азаматтар өзінің мәртебесін білу үшін төлқұжат нөмірін айтады.

Өзгелердің жаңалығы