Бас жаңалықтар
Жолдау-2020: Қарулы Күштерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
22 Қыркүйек 2020, 20:44 152

Жолдау-2020: Қарулы Күштерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери гарнизондарда ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Түсіндіру жұмыстарын Қорғаныс министрлігінде құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамына кірген әскери ведомствоның басшылары, әскерлердің барлық түрлері мен тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда, сондай-ақ әскери қызметшілердің моральдық-жауынгерлік рухының жай-күйіне жауапты офицерлер жүргізеді.

Алматы гарнизонында өткен мазмұнды кездесуде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов болды. Жиын барысында ол әскери қызметшілерге алдағы реформалар туралы айтып берді. Атап айтқанда, экономика, мемлекеттік аппарат, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, экология, құқық қорғау жүйесі және басқа да көптеген салаларға қатысты. Оларды табысты іске асыру әлемдік сын-тегеуріндерден туындаған қиындықтарды еңсеруге және дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының жолдауы аясында Қазақстан армиясы аса маңызды мемлекеттік басымдық – ұлттық қауіпсіздікті қорғауда сенімді тұруы тиіс, жауынгерлік әзірлікті жетілдіру, әскерлердің жауынгерлік қабілетін нығайтуы, жауынгерлік оқу міндеттерін орындау үшін жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етуі тиіс,- деп атап өтті, Алматы гарнизонындағы кездесу барысында генерал-лейтенант Мұрат Бектанов.

Бас штаб бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстары департаментінің бастығы бірінші дәрежелі капитан Серік Борамбаев Сарыөзек, Тараз және Шымкент гарнизондарының әскери қызметшілерімен  кездесулер өткізеді. 

Осыған дейін Семей, Үшарал, Аягөз, Өскемен гарнизондары мен Әуе қорғаныс күштерінің жекеленген бөлімшелерінде болды. Жеке құраммен кездеу барысында департамент бастығы Серік Борамбаев әскери қызметшілерді алдағы реформалардың мәні мен жаңа экономикалық базалық бағыттың қағидаттарымен таныстырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...