Бас жаңалықтар
Жөндеу жұмысына көңілі толмаған клиент ТЖО қызметкерін атып тастады
18 Қаңтар 2021, 17:29 895

Жөндеу жұмысына көңілі толмаған клиент ТЖО қызметкерін атып тастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында көлігінің ұзақ уақыт жөнделуіне наразы болған клиент ТЖО қызметкерін атып тастады. 

Алматы облысының полицейлері күдіктіні ізін суытпастан ұстады. Белгілі болғандай, ТЖО қызметкері мен клиент арасындағы даудың арты қылмысқа жеткізген.

Қылмыстық полиция қызметкерлері 51 жастағы күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде ұстады. Жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында көлік иесінің жөндеу жұмыстарына көңілі толмағаны белгілі болды. Екеуі сөзге келіп қалған, кейін көлік иесі ТЖО қызметкерін қарумен атқан, - дейді Текелі қаласы ПБ-нің басшысы Ұлан Садықов.

Күдіктіге қатысты адам өлтіруге оқталғаны үшін, яғни ҚР ҚК 24-бабының 3-тармағы, 99-бөлімінің 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол уақытша қамауға алынған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...