"Жұмыспен қамтудың жол картасы": 7,6 мыңнан астам елордалық жұмысқа тұрды

6 Тамыз 2020, 15:34
1226
Бөлісу:
"Жұмыспен қамтудың жол картасы": 7,6 мыңнан астам елордалық жұмысқа тұрды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іске асырылып жатқан жобаларда дәнекерлеуші, монтажшы, жүргізушілерге қажеттілік байқалады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтанда 7 627 жұмыссыз, Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 4 361 адам жұмысқа орналастырылды. 

Іске асырылып жатқан 107 жобада дәнекерлеушілер, монтажшылар, арнайы машина жүргізушілері, жұмысшылар, газбен дәнекерлеушілер, электр механиктері сияқты мамандарға қажеттілік байқалады. 

61ca9f5baff6286dc44187ae94d99fd5.jpg

Карантин кезінде өтініштер саны 20% артты. "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасына қатысу үшін есепке тұру міндетті емес, жеке куәлік пен диплом және еңбек кітапшасы болса жеткілікті. Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркеуде болуы, жұмыс істеп тұрған немесе тоқтатылған ЖШС немесе ЖК болмауы қажет. Өйткені өтініш берушіге жұмыссыз мәртебесі беріледі. Сұраныс үш күн ішінде өңделеді. Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 4 361 адам жұмысқа орналастырылды, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Аймира Муксулова. 

"Partners Reality" ЖШС Жұмыспен қамту орталығымен бағдарлама аясында бірігіп жұмыс істейді. 

Қазіргі уақытта біз балалар алаңдарын абаттандырумен айналысудамыз: асфальт, брусчатка, бордюрлер төсеу. "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасы бізге жұмыстарды орындау үшін белгілі бір жұмысшылар санын ұсынады, - деп хабарлады "Partners Reality" ЖШС инженер-технологі Толқын Төребеков. 

Жұмыспен қамту орталығынан шамамен 20-25 адам жұмыс істейді – олар жүргізушілер, электр монтажшылар. 

Қазір Омаров көшесіндегі желілерді қайта жөндеуден өткізудеміз, - дейді "Электромонтаж" АҚ филиалының механигі Төлеген Қаманов. 

Дмитрий Иванов – дәнекерлеуші. Көп уақыт жұмыссыз жүрген ол "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасымен жұмысқа орналасуға көмек көрсетілген. 

cc9ca711065b784562e56d1fa083acac.jpg

Бір апта ішінде жұмысқа қабылдандым, ұзақ күтпедім. Біз толық күн жұмыс істейміз, жалақы төленеді, – дейді ол. 

"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 мың жаңа жұмыс орны, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 628 орын ашылады. 

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Жұмыспен қамту орталығы онлайн режимде жұмыс істеуге көшкендіктен, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" арқылы жұмыс тапқысы келетіндер орталықтың Call-орталығына 57-88-88 телефоны арқылы хабарласуы керек. 

Сондай-ақ, Мониторинг және еңбек ресурстарын болжау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 57-88-89, 57-89-37, 24-83-02.

Өзгелердің жаңалығы