Бас жаңалықтар
Жүре алмайтын адамдар вакцинаны қалай салдырады?
09 Сәуiр 2021, 10:31 685

Жүре алмайтын адамдар вакцинаны қалай салдырады?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова онлайн брифинг барысында мүгедектігі бар адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай салдыратынын түсіндірді.

Оның айтуынша, егде жастағы адамдар мен мүгедектігі бар жандарға вакцина салу үшін медицина қызметкерлері үйлеріне бармайды.

Вакцинаны үйге барып салмаймыз. Өйткені вакцинаны мұздатылған күйінде сақтау үшін белгілі бір режим керек. Қаладағы қоғамдық орындарда ұйымдастырылған екпе салу орындары арнайы тоңазытқышпен қамтылған, вакцина сонда сақталады. Егер жүре алмайтын адамдар вакцина алғысы келсе, емханаға хабарласа алады. Мұндай кезде медицина қызметкерлері екпе алушыны емханаға апарып, сол жерде жағдайын тексеріп, вакцина салған соң үйіне қайта апарып тастайды, - дейді ол.

Сонымен қатар ол қаладағы екпе салу орындарының жұмыс уақыты адам кезегі көбейсе, ұзартылатынын айтты.

Қаладағы емханалар таңғы 8.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеп келді. Сондықтан екпе салу кезінде де осы жұмыс уақытын сақтаймыз. Егер адамдар легі көп болса, емхана жұмыс уақытын созуға мәжбүр болады, яғни соңғы келушіге дейін. Дегенмен түнгі сағат 24.00 кезінде адамдар екпе салдыруға келеді деп ойламаймын, - дейді Гүлнар Ысқақова.

Бұған дейін ол вакцина салу жоспарлы және жедел түрде іске асырылып жатқанын хабарлаған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...