Жыл басталғалы 100-ден астам мал ұрлығы тіркелді – ІІМ

1 Наурыз 2021, 11:26
1420
Бөлісу:
Жыл басталғалы 100-ден астам мал ұрлығы тіркелді – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингі барысында айтты. 

ІІМ маңызды бағытының бірі - мал ұрлығы. Қылмыс саны аз болса да, иелеріне айтарлықтай материалдық және моральдық шығын келтіреді. Азаматтардың жайлы өмір сүруіне теріс әсер етеді. Сондықтан полицияға ұрлықтың алдын алу мен ашу бойынша ерекше міндет жүктеледі, - деді Таев. 

Оның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2828 ұрлық жасалған. 
ІІМ бастамасымен жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы малдарын жіберу бойынша құзырет бекітілді. Оған сәйкес, малды реттеусіз жіберуге тыйым салынған. Өткен аптадағы 23-25 ақпан аралығында республикалық профилактикалық іс-шара өткізілді. Онда 224 мал ұрлығы анықталып, мал ұрлығына қатысқан 192 адам ұсталды. Заңды иелеріне 610 мал қайтарылды, - деді Таев. 

Ол атағандай, ауыл шаруашылығы мен ет өнімдерін 400-ге жуық автомобиль қажетті құжатсыз тасымалдағаны белгілі болды. 

1882 мал өткізу орны, сондай-ақ 3950 шаруа қожалығы және мал жайылым нүктелері табылды. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 1362 әкімшілік хаттама жасалды. Салынған айыппұл сомасы 500 мыңнан астам теңгені құрады. Мал ұрлығының топтық түрімен күресу үшін өңірлерде мал базарлары, мал сою орындары және оның стихиялық саудасы бойынша рейдтер жүргізілетін жедел-іздестіру топтары тұрақты жұмыс істейді. Ұйымдастыру шараларының нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша бір жарым мыңнан астам мал ұрлығы анықталды, оның ішінде 211 адам ұрлық жасаған. Ұрланған 14 мың малдың ішінен 6 мыңнан астамы табылып, қайтарылды. Жыл басынан бері жүзден астам мал ұрлығы және 19 топта жұмыс істейтін  дерек тіркелді, - деді Таев.

Өзгелердің жаңалығы