Өзімді кәсіпқой бокста сынауға шешім қабылдадым – Қамшыбек Қоңқабаев

6 Тамыз 2020, 17:52
2121
Бөлісу:
Өзімді кәсіпқой бокста сынауға шешім қабылдадым – Қамшыбек Қоңқабаев

Алматы, BAQ.KZ. Бокстан Ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев алдағы уақытта кәсіпқой бокста өнер көрсететінін мәлімдеді.

Қазақстан әуесқой бокс федерациясы мен бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Кенжебаев Ғалымбек Қалиевичтің қолдауымен мен өзімді кәсіпқой бокста сынауға шешім қабылдадым. MTK Global компаниясы маған Токиода болатын Олимпиада ойындарына дейін кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізуіме мүмкіндік беріп отыр, - деп жазды ол facebook-тегі парақшасында. 
Оның айтуынша, бұл шешімімнің басты мақсаты - Олимпиада ойындарына дейін тәжірибе жинақтап, кәсіпқой бокстан әуесқой боксқа керек дүниені үйреніп, Олимпиада шыңын бағындыру. 
Додалы жарысқа дейін бірнеше жекпе-жек өткізіп тәжірибе жинақтауыма, бұл шешім оң нәтижесін беретініне сенімдімін! Ұлттық құраманың капитаны ретінде барша команданың атынан бізге қолдау білдіріп, бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамын, - деп жазды ол.
Бұған дейін желіде Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа біржола ауысты деген әңгіме тараған болатын.
Өзгелердің жаңалығы