Бас жаңалықтар
#Желмая. Құрбан шалудың маңызы мен пайдасы қандай?
VIDEO
30 Шілде 2020, 10:36 942

#Желмая. Құрбан шалудың маңызы мен пайдасы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Имамдар арасында коронавирус жұқтырғандар бар ма? Онлайн құрбандық қалай жасалады? Өкілдік құрбан дегеніміз не? Құрбандыққа қандай малды союға болмайды? Құрбандық малының бағасы өспеуі үшін қандай шаралар жүзеге асырылды? Өзге елде құрбандық қалай шалынады? Имамдар делдалдықпен айналыса ма? Құрбандық кезінде ақы кімдерге ғана төленеді? Құрбан айт мерекесінің маңызы мен ерекшелігі қандай? Шариғат бойынша не істеуге болмайды? Осы және өзге де сұрақтарға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді.

"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?


"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.


Фото: дереккөз
Видео: BAQ.KZ
Загрузка...