Анықтама

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы

7588

Қазіргі лауазымы: Қостанай облысының әкімі


Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/qumaraksaqalov

Туған жылы: 24.10.1965 жыл  

Туған жері: Қостанай облысы

Білімі: 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. 

Экономика ғылымдарының кандидаты.


1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.


1989-1991 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.


1991-1992 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.


1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.


1993-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.


1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.


1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.


2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.


2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.


2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.


2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.


2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.

Бөлісу: