Анықтама

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

2806

Қазіргі қызметі: "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы


Туған жылы: 1970 жылы 31 қазан

Туған жері: Алматы қаласы


Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "механик, қолданбалы математик" мамандығы бойынша, 

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, 

Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. 

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, 

Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары - "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ президенті.

2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары - "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.

2018-2021 жылдары "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2021 жылдың нарыз айынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы

Бөлісу: