Анықтама

Аманшаев Ермек Әмірханұлы

6306
f162b8a029e8df0412652b45110.jpg


Қазіргі лауазымы: ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі


Туған жылы: 1963 жылы 12 наурызда

Туған жері: Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 1985 ж. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді; филолог, филология ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Әдеби бейне жасаудағы рухани және көркемдік қайнар көздері», 2005 ж.)


1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.


1985–86 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;


1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;


1988–91 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы;


1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы;


1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;


1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;


2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;


2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;


2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;


2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;


2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;


2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;


2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;


2008-2019 жылдары – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.


2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі


Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Театр қайраткерлері, Қазақстан Кинематографистер Одақтарының мүшесі. 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. 

10 астам ғылыми еңбек пен кітап авторы: «Албасты туралы аңыз», «Песнь мотылька», «Үзілген бесік жыры» (жас драматургтар халықаралық фестивалі лауреаты, Мәскеу, 1991 ж.), «Там за бугром, где рай земной», «Балкон», «Құбылыс» (Ф.Кафка), «Сұлтан болсам егерде» ( С. Ваннус), «Аладдин және сиқыршы». 

Пьесалары М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық Орыс драма театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.

Бөлісу: