Анықтама

Арифханов Айдар Абдразахұлы

4674


Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1974 жылғы 28 қарашада дүниеге келді.

Білімі: Қазақ мемлекеттік академиясын,

ҚР СІМ Дипломатия академиясын үздік аяқтады,

«Болашақ» президенттік бағдарламасы шеңберінде Колумбия университетін бітірді және 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.


Қызмет жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сыртқы қарыз алу комитетінің Бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы болып бастады.

1998-2004 жылдар аралығында бөлімдер бастығы (Бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімі, мемлекеттік сыртқы қарыз және мемлекеттік кепілдемелер бсқармасының қарыздарды іске асыру бөлімі), Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдемелер басқармасының басшысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыздар және кредиттеу департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2009 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.

2011-2015 жылдары – «Қазатомпром» Ұлттық акционерлік қоғамы» акционерлік қоғамы басқармасының орынбасры, басқарма басшысының төрағасының уақытша міндетін атқарушы (31.03.2015)

2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Үлттық экономика вице-министрі.

2017 жылдың қаңтарынан «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары.

2017 жылы желтоқсаннан 02.02.2022 жылға дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы.

Бөлісу: