Анықтама

Асылов Берік Ноғайұлы

6481


Қазіргі лауазымы: ҚР Бас Прокуроры


Туған жылы: 1964 жылы 28 ақпанда дүниеге келген.

Білімі: С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашы қызметінен бастаған.


1992-2001 жылдары - Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, тергеуші, Алматы әуе-көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Мемлекеттік тергеу комитеті мен ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау және Президенттің күзет қызметіндегі жедел-іздестірудің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы болып жұмыс істеген.


2001-2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басшылық лауазымдарында - Шымкент қаласының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.


2006-2008 жылдары - Батыс өңірлік көлік прокуроры.


2008-2010 жылдары – Ақтөбе облысының прокуроры.


2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.


2011-2017 жылдары - Алматы қаласының прокуроры.


2017-2019 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры.


2019 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 


3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар (2011 жыл).


«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2005), «Даңқ» орденінің толық кавалері (ІІ дәреже – 2011 ж., І дәреже – 2017 ж.). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ТМД БПҮК 20 жыл», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.


Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

Бөлісу: