Анықтама

Асылова Бибігүл Амангелдіқызы

7439


Қазіргі лауазымы: ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі


Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/profile.php?id=100003382555676 

Туған жылы: 1975 жылғы 20 қыркүйек

Туған жері: Көкшетау облысы

Білімі: жоғары экономикалық білімі бар, 1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (нархоз) тамамдаған.


1996-1997 жылдары – Көкшетау облыстық қаржы басқармасының 1-ші санаттағы маманы, жетекші маманы


1997-1998 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасының жетекші, бас маманы


1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы Білім және ғылым бөлімінің жетекші, бас экономисті


2001-2002 – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы Білім және ғылым бөлімінің бастығы


2002-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы бастығының орынбасары


2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саладағы шығындарды жоспарлау департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасының бастығы


2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры


2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры


2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры


2010-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың дамуы департаментінің директоры


2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінің директоры


2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала бағдарламаларын бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры


2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

2016-2022 жылдары ҚР БҒМ вице-министрі

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.


«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған


Құрмет грамоталары, мерейтойлық медалдары және алғыс хаттары бар.

Бөлісу: