Анықтама

Айымбетов Айдын Ақанұлы

13867

Қазіргі лауазымы: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы


Туған жылы: 1972 жылы дүниеге келген.

Білімі: 1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді,

2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін бітірді,

2018 жылы Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірді.


1993 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында қызмет етті, ол ұшақтың 4 түрін игерді (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27), 470-тен астам сағат ұшуы бар.

2003 жылдан 2009 жылға дейін - Ю.А. Гагарин атындағы "Звездный городок" атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында жалпы ғарыштық дайындық.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық қызметтерді атқарды:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі,

- ҚР ҰҒА ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры,

- У.М. Сұлтанғазин атындағы «Ғарыштық зерттеулер институты» ғарыштық технологияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары,

- «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС директорының орынбасары.

2012 жылдың көктемінен бастап Астана қ. Оқушылар сарайында «3D үлгілеу» үйірмесіне басшылық етті, Жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берді.

2015 жылы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш стансасына ғарышқа ұшты.

Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (12.10.2012), "Халық Қаһарманы" атағына (14.10.2015) және "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болды (14.10.2015), "Отан" орденінің кавалері (14.10.2015).

2016 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

2019 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарманың өндіріс жөніндегі мүшесі лауазымына қайта сайланды.

2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

Бөлісу: